Өскемен экономика және техника колледжі әлеуметтік серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Колледж кәсіпорындармен, ұйымдармен және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасасып, студенттердің практикалық білім алуына және кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.
Колледждің әлеуметтік серіктестері қатарында «Қазмырыш» АҚ, Казминералс, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, екінші деңгейдегі банктер және басқа да ұйымдар бар. Бірлескен жұмыс аясында өндірістік практика, кәсіби кездесулер және кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылады. Студенттер кәсіби қызметтің заманауи жағдайларымен, жұмыс берушілердің талаптарымен және алдағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысады.
Еңбек күні қарсаңында бұл жұмыстың маңызы арта түседі. Колледждің ұйымдар мен кәсіпорындармен серіктестігі кәсіптік білім беру мен нақты еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік
береді. Колледж үшін бұл – студенттердің тек білім алып қана қоймай, болашақ мамандығына қажетті практикалық тәжірибе жинақтауына жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыс.

