Шығыс Қазақстанда «Адами капитал, білім, прогресс — Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбында тамыз кеңесі өтті
2026 жылғы 28 тамызда Өскемен экономика және техника колледжі Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесіне қатысты. 2025–2026 оқу жылының қорытындыларын шығаруға, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа оқу жылына арналған басым міндеттерді айқындауға арналған іс-шараға колледж директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлы және директордың орынбасарлары қатысты.
Спикер ретінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сембина Шырайлым Кайратовна «Жасанды интеллект көмегімен сабақ жоспарын автоматты түрде әзірлеу: педагогикалық қызметті цифрлық трансформациялау» тақырыбында сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол сабақ жоспарларын әзірлеуді автоматтандыру, педагогикалық қызметті жетілдіру және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Сондай-ақ кеңес аясында арнайы пәндер оқытушысы Ақбаева Назгуль Тұрысбекқызы және колледж түлегі Лунёв Владислав «Цифрлық сауаттылықтан инновацияларға: цифрлық трансформация және жасанды интеллектті қолдану арқылы студенттік жобаларды дамыту» тақырыбында білім беру ұйымының тәжірибесін ұсынды. Баяндамада білім беру үдерісін цифрландырудың заманауи тәсілдері, студенттердің жобалық қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері қарастырылып, білікті мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім берудің рөлі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша спикерлер білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және белсенді қатысқаны үшін Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Колледж директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби біліктілігі және адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Колледж заманауи білім беру тәсілдерін енгізуді, цифрлық құзыреттерді дамытуды және өңірде сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға жағдай жасауды жалғастыруда.



