Халықаралық ынтымақтастық: халықаралық серіктестер тарапынан ӨЭжТК-не жолданған Алғыс хат

 

Өскемен экономика және техника колледжі халықаралық байланыстарды нығайтып, білім алушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту жұмысын жалғастыруда. Осы жұмыстың жоғары бағалануының дәлелі — «Екатеринбург – BRICS – Африка: болашақты бірге құрамыз» атты Халықаралық мәдени-білім беру форумы аясында колледж директоры Набиев Ерсаин Ахметвалиевичке табысталған Алғыс хат болды.

Форум шеңберінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 85 жылдығына арналды. Сондай-ақ конференцияда білім беру ортасын жаңғырту, тәжірибе алмасу және ТжКБ ұйымдарында инновациялық тәжірибелерді енгізу мәселелері қарастырылды.

Урал бизнес, басқару және сұлулық технологиялары колледжінің әкімшілігі мен конференцияның ұйымдастыру комитеті іс-шараға қатысқан педагогтер мен студенттердің зияткерлік бастамаларын қолдағаны үшін біздің колледж өкіліне алғыс білдірді.

Алынған Алғыс хат Өскемен экономика және техника колледжінің ғылыми-білім беру жобаларына белсенді қатысуын растайды және педагогикалық құрамның жоғары кәсіби даярлығын айғақтайды.

Колледждің халықаралық форумдарға қатысуы кәсіби әріптестікті нығайтуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттер мен оқытушылардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

 

Поделиться: