«Өндірістегі 10 күн» акциясының жетінші күні өндірістік практикадан өтіп, кәсіби қызмет жағдайларымен тікелей танысқан студенттердің пікірлері мен кері байланысын зерделеуге арналды.
Талқылау барысында білім алушылар колледжде алған білімдерін өндірісте қолдану тәжірибесімен бөлісіп, жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтып, оқу барысында көбірек көңіл бөлуді қажет ететін тақырыптар мен практикалық операцияларды атап өтті. Сонымен қатар студенттер қосымша меңгергісі келетін кәсіби дағдылар мен технологияларға тоқталды.
Білім алушылардың пікірлері өндірістік практиканы олардың көзқарасы тұрғысынан бағалауға және даярлықтың одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Жиналған ұсыныстар жүйеленіп, студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау барысында пайдаланылатын болады.

