«Алау» пікірсайыс клубының жетістігі

Өскемен экономика және қаржы колледжінің «Алау» пікірсайыс клубының мүшелері: Қамбетай Ақмарал, Бекішова Айым, Тастемір Кәусар, Мұратқанова Диляра, клуб жетекшісі Ауеспаева Анар Аскаповнамен, 2023 жылы 27-28 қаңтар аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында, Бұқар Жыраудың туғанына 355 жыл толуына орай «Ата — баба жолы, ел бірлігі» атты тақырыпта колледж студенттері арасында өткен облыстық пікірсайыс турниріне қатысты. Камбетай Ақмарал мен Бекішова Айым Бетта лигасында 1-ші орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Ал Тастемір Кәусар мен Мұратқанова Диляра Альфа лигасының үздік үштігіне шығып, жақсы нәтиже көрсетті.

Турнир әсерлі, әрі тартымды өтті. Қатысушыларды құттықтаймыз! Алда тағы жеңістер тілейміз!

Поделиться: