Экономика және қаржы колледжінің студенттік белсендісі — мемлекетаралық онлайн-конкурстың жеңімпазы

«Ақпараттық жүйелер» мамандығына мамандандырылған Өскемен экономика және қаржы колледжінің 1 курс студенті Тұрғанов Алмас, ТжКБ жүйесінің студенттері арасында «Әлем COVID-19-ға қарсы» тақырыбында «Ең ерекше жұмыс» номинациясымен, «Үздік компьютерлік графика және дизайн» мемлекетаралық онлайн-байқауында жеңіске жеткені үшін, Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Акумбаева Гульнар Ислямовна.

Тұрғанов Алмас — қалалық білім беру мекемелерінің барлық мектеп комитеттерінің жұмысын үйлестіретін Өскемен қаласындағы «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы комитеті төрағасының орынбасары.

Құттықтаймыз! Сіздерге одан әрі жеңістер тілейміз!

 

 

Жұмыспен қамту орталығының өкілдері ӨЭжҚК қонақта

Табысты жұмыспен қамту шеңберінде, Өскемен экономика және қаржы колледжінің оқу бітіруші жоғары топ студенттері мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері арасында кездесу өтті. Болашақ түлектер Орталықтың жұмыспен қамту шеңберіндегі жұмысының ерекшеліктерімен, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қатысушысы болатындардың болашағымен танысты.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы білді. Бағдарламаның «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкерлер» атты екінші бағытына ерекше назар аударылды. Бағдарлама мүшелері өз ісін бастау үшін қолдау ала алады.

Табысты жұмыс тілейміз, түлектер!

Поделиться: