«Тәуелсіздіктің жеті қыры»

Өскемен экономика және қаржы колледжі Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты ашық кураторлық сағатын өткізіп, деректі фильмнен үзінділер көрсетті.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» фильмінің негізгіне тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанға тап болған басты жеті  сын-қатерлер жайлы мәселе алынған. Тұңғыш Президенттің реформаларының арқасында жас Қазақстанның жеті сын-қатері Тәуелсіздіктің жеті басты жетістігіне айналды және қазақстандық даму жолының бірегейлігін анықтады.

Іс-шараға 1-2 курс студенттері, колледж әкімшілігі және кураторлар қатысты. Кураторлық сағатты әлеуметтік пәндер оқытушысы Людмила Викторовна Шатурная жүргізді.

Поделиться: