Коронавирустық инфекцияның алдын алу

Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысы негізінде Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттерімен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Білім алушыларды коронавирусты инфекцияға күдікті кездегі симптомдар, алдын алу шаралары, іс-әрекеттер туралы ақпараттандырды және коронавирусты жұқтырудан қорғау ережелері бар жаднамалар таратты.

 

1-ЕРЕЖЕ.

 

ҚОЛДЫ САБЫНМЕН ЖИІ ЖУЫҢЫЗ. Тұрмыстық жуу құралдарын пайдалана отырып, бетті тазалаңыз және дезинфекциялаңыз. Қол гигиенасы-тұмаудың және коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алудың маңызды шарасы. Сабынмен жуу вирустарды жояды. Егер қолыңызды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирт бар немесе дезинфекциялаушы майлықтарды қолданыңыз. Беттерді (үстелдерді, есік тұтқаларын, орындықтарды, гаджеттерді және т.б.) тазалау және үнемі дезинфекциялау вирустарды жояды.

 

2-ЕРЕЖЕ.

 

ҚАШЫҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ ЭТИКЕТТІ САҚТАҢЫЗ. Вирустар науқас адамнан сау ауа-тамшы жолымен (түшкіргенде, жөтелгенде) беріледі, сондықтан науқастардан кемінде 1 метр қашықтықты сақтау қажет. Көзді, мұрынды немесе ауызды қолмен ұстамаңыз. Тұмау вирусы және коронавирус осы жолдармен таралады. Ауру қаупін азайту үшін маска киіңіз немесе басқа қолда бар қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз. Жөтел, түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықтармен жабу керек, оны қолданғаннан кейін тастау керек. Артық сапардан және адам көп жерлерге барудан аулақ, ауру қаупін азайтуға болады.

 

3-ЕРЕЖЕ.

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ЖҮРГІЗІҢІЗ. Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға қарсы тұруын арттырады. Толық ұйқы, ақуыздарға, витаминдерге және минералды заттарға бай тамақ өнімдерін тұтыну, физикалық белсенділікті қоса алғанда, салауатты режимді сақтаңыз.

 

4-ЕРЕЖЕ.

 

ТЫНЫС АЛУ ОРГАНДАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА АРҚЫЛЫ ҚОРҒАҢЫЗ. Басқа алдын алу құралдарының арасында вирустың таралуын шектейтін маскаларды кию ерекше орын алады.

 

5-ЕРЕЖЕ.

 

ТҰМАУМЕН, КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯМЕН АУЫРҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Үйде қалыңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Поделиться: