Өз мансабынызды құрыңыз

Өскемен экономика және қаржы колледжінің түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үйірмесінің жұмыс жоспары аясында 30 қаңтарда Өскемен ЭжҚ колледжінің директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлы түлектермен кездесті. Кездесу барысында Ерсайын Ахметуәлиұлы жұмысқа орналасу жолдары туралы айтып, жоғары білім алудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақстан-Американдық Еркін университетінің білім беру бағдарламалары – біздің әлеуметтік әріптесіміз, қазақстандық және американдық оқыту бағдарламалары туралы айтып, мамандықтар бойынша оқуды жалғастыру шарттары туралы сұрақтарға жауап берді.

Поделиться: