Бағдарламалау бойынша олимпиада

2023 жылдың 16 қарашасында Өскемен экономика және қаржы колледжінде оқытушы Л.С. Какимова 20ТП-41р тобының студенттері арасында бағдарламалау бойынша олимпиада ұйымдастырды.

Студенттер информатика, алгоритмдеу және бағдарламалау, бағдарламалық жасақтама технологиясын жобалау, жоғары деңгейлі тілде бағдарламалау бойынша білімдері мен дағдыларын пайдаланды. Бағдарламалаудағы жетістіктер колледж студенттеріне «WorldSkills» кәсіби шеберлік байқауына дайындалуға көмектеседі, сондай-ақ түлек ретінде жұмысқа орналасуда.  Олимпиада студенттердің танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін дамытады.

Поделиться: