ЕСІРТКІ мен ЗАҢ

 

  • Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 45 тәулікке дейін қамауға алынады.
    ҚҚ 296 бабы 1 бөлім
  • Полиция органдарына есепке қою;
  • Наркологтың есебіне қою;
  • Автокөлік, мотоцикл жүргізу құқығына емтихандарды қабылдаудан бас тарту;
  • Аңшылық мылтық сатыпалудан бас тарту;
  • Құқық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудан бас тарту.

 

  • Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 7 (жеті) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 296 бабы 2-4 бөлім

 

  • Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – мүлкі тәркіленіп,
    6 (алты) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 299-1 бабы

 

  • Есірткі және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, тасымалдау, жөнелту немесе сақтау – мүлкі тәркіленіп,
    6 (алты) жылдан 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 297 бабы 1-3 бөлім

 

  • Есірткі құралдарын және олардың тектестерін білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға өткізу – мүлкі тәркіленіп, 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейін, не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 297 бабы 4 бөлім

 

  • Кәмелетке толмаған адамды немесе екі немесе одан да көп адамды есірткі және сол тектестерді тұтынуға итермелеу – 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚҚ 299 бабы 1 бөлім

 

  • Есірткі және сол тектестерді тұтынуға тарту, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса — 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 299 бабы 2 бөлім

 

  • Есірткі және сол тектестерді тұтынуды ұйымдастыру және үй-жайды сол үшін беру– мүлкі тәркіленіп, 7 (жеті) жылдан 20 (жиырма) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. ҚҚ 302 бабы

 

 

АТА-АНА НЕ БІЛУ КЕРЕК:

Кейбір белгілер бар, олардың пайда болуы жасөспірімге және оның өміріне мұқият қарауға себеп болуы керек;

  • Көңіл-күйдің белсенділіктен пассивтілікке, қуаныштан үмітсіздікке, жанды күйден баяу инерцияға кенеттен өзгеруі;
  • Достар шеңберінің күрт өзгеруі;
  • Қалта ақшасының қажетті көлемін ұлғайту;
  • Үйден ақшаның немесе құндылықтардың жоғалуы;
  • Ерекше ұнтақтар, капсулалар, таблеткалар, мыжылған фольга, инелер, шприцтер;
  • Мінез-құлықтағы құпиялылық, өзінің қайда екендігін хабарлаудан бас тарту;

 

БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ:

  • Балаларыңызға мұқият болыңыз, оларды тыңдауға аз да болса уақыт табыңыз, сіздің назарыңызды сезінсін;
  • Баланы сізге сенетіндей етіп , сізбен проблемаларын талқылағысы келетіндей әрекет жасаңыз. Мұны қалай істеу керектігін білмесеңіз, психологпен кеңесіңіз;
  • Сіздің балаңыз оған қамқорлық жасайтыныңызды білуі және оған сенімді болуы керек;
  • Балаңызға өмірден ләззат алуға үйретіңіз: ойын ойнаңыз, спортпен айналысыңыз, қолөнер, музыка, балалар кештерін, лотереялар мен конкурстар ұйымдастырыңыз. Баланың хоббиі неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы;
  • Ата-ана баласын ішімдік пен есірткіден, үйдегі зорлық-зомбылық пен қысымнан барынша қорғауға, жылылық, жайлылық, сенім, өзара түсіністік атмосферасын құруға тырысуы керек.

 

АТА-АНА НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК:

«Жоқ» деп айтып үйрету– тұтас ғылым.

  • Баламен бірге бас тартуға арналған сөздерді табу маңызды, сондықтан ол дұрыс сәтте өз-өзін жоғалтпайды және өзін сенімді ұстайды.
  • Бас тартқан кезде әңгімелесушінің көзіне қарау маңызды екендігің түсіндіру қажет.
  • Ол шешім қабылдауға, «жоқ» деп айтуға және өзін кінәлі сезінбеуге құқылы — тек оған түсінуге көмектесіңіз.

 

 

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондары, есірткіні жарнамалау, насихаттау, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларға қатысы бар тұлғаларға қатысты ақпарат анықтаған жағдайда,  күндізгі уақытта 8 (7232) 26-42-76, тәулік 102.

 

 

 

Поделиться: