Жастар және дін

2022 жылдың 8 ақпанында Өскемен экономика және қаржы колледжінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, «Жастар және дін» тақырыбы бойынша студенттерге арналған дәріс өткізді. Шараның мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ жастар арасындағы түрлі жанжалдардың алдын алу. Дәріске қатысушы студенттерге жастарды жұмысқа тарту әдістері, тыйым салынған материалдарды әлеуметтік желілерде жариялауға және көшіруге, рұқсат етілмеген қоғамдық әрекеттерге қатысу жауапкершілігі туралы айтып берді, сондай-ақ саяси, ұлтшылдық және діни экстремизмнің өзіне тән белгілеріне мысалдар келтірді.

Әңгімелесу барысында студенттер сұрақтарына жауап алды.

 

Поделиться: