«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ТАРЛАН ТАРИХЫ»

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері 17 қазанда Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана өткізетін Республика күнін мерекелеуге арналған «ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ТАРЛАН ТАРИХЫ» іс-шарасына қатысты. Іс-шара ұлттық құндылықтарды жаңғырту және насихаттау мақсатында өткізілді.

Біздің студенттер қытай тарихшысы Су Бейхайдың «Қазақтардың жалпы тарихы» атты төрт томдық кітабын қазақ тіліне аударған жазушы, ғалым, профессор Тұрсынхан Закенұлымен онлайн-кездесуге белсене қатысып, Қазақ хандығы, ұлт-азаттық көтерілістің ұлы батырлары, Алаш қозғалысының қайраткерлері туралы кітап көрмесінен жаңа әдеби шығармаларымен танысты.

Мұндай іс-шаралар жастарға Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялыларының шығармашылығымен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.

Поделиться: