14 қарашада Ұлттық валюта күні қарсаңында Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана өткізген «Ұлттық валюта: өткені мен бүгіні» атты іс-шараға қатысты.
Студенттерге ұлттық валютаның қалыптасу тарихына шағын экскурсия жасалды, теңге туралы қызықты деректермен, Өскемен қаласында орналасқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» кәсіпорнының құрылу тарихымен таныстырылды.
Шара барысында студенттер «Ұлттық валюта тарихынан» викторинасына және «Қаржылық калейдоскоп» интеллектуалды ойынына қатысты. Шара «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» бейнебаянымен толықтырылды.