Тенге – Тәуелсіздік нышаны

Ұлттық валюта күніне орай Өскемен экономика және қаржы колледжінің кітапханасы «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, онда ұлттық валютаның қалыптасуына арналған кітаптар, мерзімді басылымдардағы әдебиеттер қойылған. Кітап көрмесі Қазақстандағы ақша қатынастарының ерте заманнан бастап даму тарихын көрсетеді; ұлттық валютаның нарықтық қайта құрулар жолындағы рөлі туралы, Қазақстанның заманауи экономикалық дамуы туралы әңгімелейді.

Поделиться: