2022 жылдың 19 мамыр күні Өскемен экономика және қаржы колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша екінші курс студент-практиканттары танысу практикасы аясында арнайы пәндер оқытушысы Г.Ж. Тлеулесованың жетекшілігімен «Восток — Молоко и К» сауда үйі» ЖШС әлеуметтік серіктесінің кәсіпорнына барды. Көтерме — бөлшек сауданың бас бухгалтері Е.Жұмабаева мен жетекші бухгалтер Т.В.Голикова студенттерді қарсы алып, кәсіпорын бойынша экскурсия жүргізді. Олар сауда саласындағы бухгалтердің жұмыс ерекшелігін көрсетті. Татьяна Васильевна біздің колледждің 1983 жылғы түлегі болып табылады, бұл студенттердің маманға деген ерекше қызығушылығы мен құрметін тудырды. Колледждің әлеуметтік серіктесі «Восток — Молоко и К» сауда үйі студенттерге тәжірибеден өту орындарын ұсынады және тәжірибеден өту нәтижелері бойынша үздік студенттерді өз кәсіпорнында жұмысқа орналастырады.