«Алаш асылдары»

               Қазақстанда 1997 жылдың 31 мамырынан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Шығыс Қазақстан өнер мұражайы ұйымдастырған, «Алаш асылдары» атты көрменің негізгі тақырыбы болған «Алаш» партиясының өкілдері — тәуелсіз қазақ мемлекетінің алғашқы күрескерлері еді. 2022 жылдың мамырдың 30-да Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері графикалық сурет көрмесін тамашалап қайтты. Олар мұражай қызметкерінің әңгімесін қызыға тыңдап, өздерінің қоғамдық пәндер дәрісінде алған білімдерін толықтыра түсті.

Бұл көрме біздің жастарымыз үшін өте маңызды, себебі ол тарихты суретшінің  эмоционалды және патриоттық көріністе беру арқылы  сезіне  білуі керек.                        

 

Поделиться: