Колледж студенттері 01 сәуір күні Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға барды. Ең соңғы технологиялар негізінде жасалған өнерге назар аударылды: нейрондық желілер, 3D мүмкіндіктері, виртуалды кескіндеме және толықтырылған шындық. Студенттерге VR киіз үйінде сурет салуды жаттықтыру ұсынылды: сәндік өнер және Tilt Brush қолданбасында виртуалды шындықта заманауи ұлттық сән дизайнын тамашалау, ал оқу залы әртүрлі бағдарламалық жасақтамада әркім өзінің цифрлық өнер шедеврін жасай алатын іс-әрекет орнына айналды: адамның сандық клоны, 3D архитектурасы, киімді компьютерлік модельдеу, QR underground. Студенттерге шараға қатысу өте ұнады.