«Үш тіл тұғырың» олимпиадасы

25 наурыз 2022 жылы, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқу орны базасында, Өскемен қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Кәсіптік қазақ тілі», «Кәсіптік орыс тілі» және «Кәсіптік ағылшын тілі» пәндері бойынша «Үш тіл тұғырың» атты қалалық олимпиада өткізілді.

Осы олимпиадаға біздің Өскемен экономика және қаржы колледжінен, жетекшісі — қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ауеспаева Анар Аскаповна, 20ИС-21к тобының студенті Бақытбеков Райымбек қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.

Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Болашақта жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Поделиться: