2021 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Мұратқанова Аружан «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар рөлі» тақырыбындағы жастар кездесуіне қатысты. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар өз білімі мен болашағына жауапкершілікті насихаттау.

Поделиться: