Бірінші қазан күні Өскемен экономика және қаржы колледжінің директоры Ерсайын Ахметвалиевич Нәбиевтің бастамасы бойынша әкімшілік және ерікті — студенттер қарттар күніне орай біздің колледж ардагерлерін естелік сыйлықтар табыстаумен жылжымалы құттықтауды ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралар еңбек ұжымының бірлескен татулығымен және студенттердің аға буынға деген құрметін тәрбиелеуге ықпал етеді.