Марапаттаумен құттықтаймыз!

Мұғалімдер күні қарсаңында Өскемен экономика және қаржы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сорокина Алена Валерьевна Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың алғыс грамотасына ие болды.

Өскемен экономика және қаржы колледжінің директоры, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев пен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ерлан Сапарбекұлы Құдайбергенов 2021 жылғы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізудегі белсенді жұмыстары үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды.

Құттықтаймыз! Кәсіби табыс тілейміз!

Поделиться: