Ұстаздар Күнімен, құрметті оқытушылар!

Өскемен экономика және қаржы колледжінде Мұғалімдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Дәстүр бойынша бұл күні колледж әкімшілігінен құттықтаулар айтылып, ең үлкен кәсіби жетістіктерге жеткен педагогтарға марапаттар табыс етілді.

Мұғалім-бұл балаларға, өз студенттеріне деген зор және риясыз сүйіспеншілікті талап ететін ерекше мамандық. Біз педагогтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз және оларға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, отбасылық амандық тілейміз. Сіздердің мамандықтарыңыз әрқашан сіздерге қуаныш пен сәттілік әкелсін!

Поделиться: