21.09.2021ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Барымыз да, бағымыз да -Тәуелсіздік!» Панорамалық көрмесі өтті. Танымдық экскурсияны Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың қызметкерлері жүргізді. Олар Тәуелсіз Қазақстанның жарқын оқиғалары мен жетістіктері туралы, сондай-ақ біздің республиканың дамуы мен қалыптасуына орасан үлес қосқан адамдар туралы айтты. Экскурсия сұхбат түрінде өтті. Оқушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, пікірталасқа белсенді қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. Панорамалық экспозициядан басқа, жиналғандар «Рухани Жағыру» мемлекеттік бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітап көрмесімен танысты.