2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өсемен экономика және қаржы колледжінде оқыту тұрақты режимде өтеді

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен экономика және қаржы колледжінде оқу әдеттегідей COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемияға қарсы шараларға сәйкес жүргізілуде: колледж оқытушылары мен қызметкерлері 100% вакцинацияланған; колледж ғимаратының кіреберісінде оқытушылардың, қызметкерлердің, ата-аналардың (заңды өкілдердің), келушілердің, студенттердің QR-коды бойынша тіркеу үшін «Ashyq» қосымшасы енгізілді; маска режимі сақталады; колледж жеткілікті мөлшерде рециркуляторлармен, дезинфекциялаушылармен, терінің антисептиктерімен, дезинфекциялаушы және жуғыш заттармен қамтамасыз етілген; дәрісханалар мен кабинеттерді тазалау мен дезинфекциялау жиілігі ұлғайтылды; дымқыл тазалау мен дезинфекциялауға, ауаны желдету мен дезинфекциялауға қойылатын талаптар сақталған; мұғалімдерге, қызметкерлерге және студенттерге күнделікті «кіріс» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізіледі; бұқаралық шаралар онлайн режимінде өткізіледі; шкафтар жүйесі жойылды; тамақтандыруды ұйымдастыру бақылауда, асханада ауа рециркуляторлық қондырғылармен қамтамасыз ету күшейтілді.

 

 

Поделиться: