2022 жылдың 15 ақпанында Өскемен экономика және қаржы колледжінде Өскемен қаласы әкімдігінің ҚМУ Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен түлектердің кездесуі өтті.

2022 жылдың 15 ақпанында Өскемен экономика және қаржы колледжінде Өскемен қаласы әкімдігінің ҚМУ Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен түлектердің кездесуі өтті. Кездесуді жұмысқа орналасу бойынша меңгеруші Л.В. Шатурная ұйымдастырды.

Шараға орталықтың бөлім маманы Бейбіт Қанапяұлы Астанбаев және «Есеп және аудит», «Менеджмент» мамандықтарының 2022 жылғы түлектері қатысты. Ол жиналған жас мамандарды жұмыспен қамту бағдарламаларымен таныстырды. «Жастар тәжірибесі» – жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған бағдарлама.

Орталық қызмет көрсетеді, соның ішінде азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына жәрдемдеседі. Жастар біржолғы төлемді алып, өз ісін аша алады. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығында тіркеліп, бизнес-жоспар жасап, қажетті құжаттар пакетін дайындау қажет.

Кездесу болашақ түлектерге пайдалы болып, қызығушылық тудырды. Жыл сайын колледжіміздің түлектері жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.

 

Поделиться: