1 наурыз — Алғыс айту күні!

Өскемен экономика және қаржы колледжінде Ризашылық күнін мерекелеу аясында тақырыптық сынып сағаттары өткізіліп, студенттер осы мерекенің тарихымен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен танысты. Студенттер сонымен қатар «Туған елге мың алғыс!» атты бейне-эстафетаға қатысты. Балалар өздерінің бейне-роликтерінде Отанға, колледжге, оқытушыларға деген ризашылық пен құрмет сезімдерін көрсетті. Олар бұл дәстүр барлық оқушылардың тұрақтылығы мен келісімінің кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.

Поделиться: