2026 жылғы 17 қарашада Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері мен волонтерлері «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» атты өңірлік жастар жобасы аясында өткен кездесуге қатысты. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоба серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесуді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова ашты. Ол жобаның мақсаттары мен іске асырылу мерзімдері, жоспарланған іс-шаралар, волонтерлік қозғалысты дамыту, сондай-ақ жастардың мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде кәсіби тұрғыдан қалыптасу және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттары, салық түрлері, салықтық әкімшілендірудің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат алды.

Кездесу жастардың салық саласы бойынша білімдерін кеңейтуге және салық мәдениетінің мемлекет дамуындағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Поделиться: