Өскемен экономика және техника колледжінде Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, ұлттық құндылықтар мен еліміздің жетістіктері туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және туған елге деген құрметін арттыру.

Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. Мұндай танымдық іс-шаралар жастардың ел тарихына қызығушылығын арттырып, ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын маңызды мереке. Өз елін мақтан тұтатын, оның болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет.

Поделиться: