Өскемен экономика және техника колледжі оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған «My Pro» облыстық кәсіптер фестиваліне қатысты.

Фестиваль аясында колледж өкілдері білім беру бағдарламалары мен мамандықтарды таныстырып, оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқуға қабылдау шарттары және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Іс-шараға қатысушылар колледждегі даярлық бағыттарымен және кәсіби даму мүмкіндіктерімен танысты.

Фестивальге қатысу колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды бөлігі болды. Бұл іс-шара оқушылардың сұранысқа ие мамандықтар туралы хабардарлығын арттыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етті.

Поделиться: