Колледж оқытушылары «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырды.
Өскмен экономика және техника колледжінің экономикалық пәндер оқытушылары «1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия. Типтік конфигурацияны тәжірибеде қолдану. 3.0 редакциясы» бағдарламасы бойынша сертификатталған курстардан сәтті өтті.
Оқу барысында оқытушылар «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнімінде бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізудің заманауи құралдарын меңгеріп, типтік конфигурациямен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеді, сондай-ақ кәсіби қызметтің қазіргі талаптарына сәйкес келетін практикалық құзыреттерге ие болды.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру білім беру үдерісін жетілдіруге, оқытуға заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді. Оқу барысында алған білімдері оқу сабақтарын өткізу кезінде қолданылатын болады, бұл экономикалық мамандықтар бойынша білім алушыларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

