Колледж түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау кеші
Өскемен экономика және техника колледжінде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Аталған іс-шара білім алушылардың оқуын табысты аяқтап, игерген білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілік алуын айқындаған маңызды кезең болды.
Түлектерге колледж басшылығы мен оқытушылар құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби білімнің маңыздылығын атап өтті. Олар жас мамандарға кәсіби қызметте табысқа жетуді, өз құзыреттерін үнемі жетілдіруді және алға қойған мақсаттарына жетуді тіледі.
Салтанатты рәсім барысында түлектерге дипломдар табысталды. Сонымен қатар оқу, қоғамдық, спорттық және шығармашылық қызметте жоғары нәтижелер көрсеткен студенттер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.










