УК КЭТ колледжі студенттері — жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегерлері
Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Аталған іс-шара өңірдің талантты әрі талапты студенттерін біріктіріп, олардың жоғары білім деңгейі мен академиялық жетістіктерге деген ұмтылысын көрсетті.
Біздің колледж студенттері оқу орнын лайықты таныстырып, жүлделі орындарға ие болды:
Фархатқызы Феруза — «Физика» пәні бойынша 2-орын
Оқытушысы: Зарылханова Балжан Мадиярқызы
Бияхметов Ермұхан — «География» пәні бойынша 3-орын
Оқытушысы: Төлеуханов Назар Мұхаметханұлы
Олимпиадаға қатысу студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытудағы маңызды кезең болды. Сонымен қатар, олар аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, профильдік пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, құнды тәжірибе жинақтады.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — табанды еңбектің, оқытушылардың кәсібилігінің және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
