КАСУ-мен халықаралық серіктестік: колледждің ғылыми-практикалық семинарға қатысуы
Біздің колледж академиялық және басқарушылық қауымдастық өкілдерін біріктірген «Командалық үдерістерді басқару жүйесіндегі лидерлік қатысудың психологиялық аспектілері» атты семинарға қатысты.
Семинардың арнайы қонағы әрі жетекші сарапшысы ретінде Resource Exchange International (АҚШ) халықаралық агенттігінің тренингтер және кәсіби даму бағдарламаларының директоры Шон Маккелви сөз сөйледі.
Іс-шара барысында тиімді басқару ортасын қалыптастыру мен корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған заманауи тәсілдер қарастырылды. Әсіресе, командалық үдерістерді басқаруда маңызды рөл атқаратын Leadership Presence — лидерлік қатысу феноменіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша практикалық кейстерді талдап, эмпатиялық көшбасшылық құралдарын меңгерді, әртүрлі бөлімшелердің мақсаттарын үйлестіру мәселелерін талқылады, сондай-ақ қызметкерлерді бейімдеу кезеңінен бастап олардың ұзақ мерзімді кәсіби дамуына дейінгі сүйемелдеу жүйесін қарастырды.
Алынған білім мен практикалық құралдар басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға ықпал етіп, колледждің алдағы қызметінде қолданылатын болады.
Семинарға қатысу кәсіби құзыреттерді дамытудағы маңызды кезең болып, халықаралық білім беру бастамаларын іске асыруға дайындықты күшейтті.




