«СтартПрофи – Shygys» жобасы: колледждің Глубокое ауданындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы
«СтартПрофи – Shygys» жобасын іске асыру аясында Өскемен экономика және техника колледжінің оқытушылары Глубокое ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырды. Іссапар барысында педагогтер жалпы білім беретін мектептердің 9–11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына колледждің білім беру бағдарламалары, өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, сондай-ақ мемлекеттік грант негізінде білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Оқытушылар оқу үдерісінің ерекшеліктері, өндірістік практикадан өту және түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Колледж алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, кәсіптік бағдар беру ауқымын кеңейтіп, облыстың түрлі аудандарындағы мектеп оқушыларын заманауи кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен таныстыруды жоспарлап отыр. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.






