Оқушылардың ғылыми сауаттылығын қалыптастыру

 

Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы, PhD докторы Дастан Болатұлы Буйткеновпен өткен кездесуге қатысты. Аталған грант бағдарламасы – дарынды жастардың жаңашыл идеяларын қолдап, ғылыми ізденістерін дамытуға бағытталған маңызды жоба.

Кездесу барысында студенттер жас ғалымның ғылыми ізденістері, трибология саласының өзектілігі және инновациялық зерттеулердің өнеркәсіптегі рөлі жөнінде құнды мәлімет алды. Сонымен қатар білім алушылар ғылыми жоба әзірлеу, гранттық бағдарламаларға қатысу және зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы практикалық кеңестер тыңдады.

Іс-шара студенттерге жас ғалыммен ашық пікір алмасуға, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді. Қатысушылар ғылымдағы заманауи трендтермен танысып, өздерінің ғылыми ой-өрісін кеңейтті.

Мұндай кездесулер жастардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, жаңа идеялардың қалыптасуына серпін береді. Ғылымға қызығушылығы бар студенттер үшін бұл шара кәсіби бағдарлану мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды тәжірибе болды.

Поделиться: