КАСУ-мен халықаралық ынтымақтастық: колледж студенттерінің америкалық кәсіпкер Аллен Прентис Ленардпен кездесуі

Өскемен экономика және техника колледжінде студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналған семинар өтті. Семинарға КАСУ өкілдері — америкалық кәсіпкер Аллен Прентис Ленард, FiberCon компаниясының бас директоры және инновациялық бизнес саласындағы стратегиялық кеңесші, КАСУ-дың креативті даму және кәсіпкерлік жөніндегі директоры Астафьева А.Г., сондай-ақ КАСУ президентінің кеңесшісі Нестеренко Н.А. қатысты.

Колледж директоры Набиев Е.А. қонақтарға студенттердің жасанды интеллект, бағдарламалау және бизнес-стартаптар саласындағы жетістіктерін таныстырды. Ол студенттердің жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетіп, «Мен — кәсіпкермін» Гранд-турнирінің облыстық және республикалық кезеңдерінде жеңімпаз атанып жүргенін атап өтті.

Кездесу барысында қонақтар студенттер мен оқытушылармен ашық пікірталас өткізді. Қатысушылар стратегиялық басқаруды дамыту, инновациялық жобаларды енгізу және жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Аллен Прентис Ленард өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бизнес саласындағы жаһандық үрдістерге шолу жасады. Ол цифрлық трансформация қарқынды жүріп жатқан заманда икемді ойлау, инновациялық шешімдер ұсыну қабілеті және нарықтағы өзгерістерге жедел бейімделу дағдыларының ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Кездесу мазмұнды ашық диалог форматындағы әңгімемен қорытындыланды. Студенттер мансаптық өсу, халықаралық ынтымақтастық және өз жобаларын іске асыру мәселелеріне жоғары қызығушылық танытып, мұндай форматтағы кездесулердің кәсіби дамуға зор ықпал ететінін атап өтті.

Поделиться: