Ашық есік күні

Коллледжде қаламыздың мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні басталды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, колледждің білім беру бағдарламаларымен және алдағы оқу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған.

Ашық есік күнінің алғашқы күні колледжге келесі білім беру ұйымдарының оқушылары келді: С. Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектеп, № 2 жалпы білім беретін мектеп, Ш. Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицей, сондай-ақ № 5 және № 6 орта мектептер.

Болашақ талапкерлер үшін оқу кабинеттері мен зертханалар бойынша экскурсиялар, мамандықтар таныстырылымы, оқытушылар құрамымен және оқу жағдайларымен танысу қамтылған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушыларға қабылдау ережелері, студенттік өмір және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ашық есік күнін өткізу мектеп түлектеріне болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және Өскемен экономика және техника колледжінде білім алудың кәсіби әрі тұлғалық даму мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік береді.

Поделиться: