Жыл қорытындысы бойынша Өскемен экономика және техника колледжіне «Жылдың белсенді колледжі» құрметті атағы берілді

2025 жылғы 19 желтоқсанда Өскемен экономика және техника колледжі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының қатысуымен өткен «Жұмысшы мамандықтар жылы: қорытындылар, жетістіктер және жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық форумға қатысты.

Форум аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту, дуальды оқыту элементтерін енгізу және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды. Колледж өңірдің кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған жүйелі жұмысты жүзеге асырып отырған білім беру ұйымы ретінде атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша облыс әкімі колледж директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлына Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыру аясында кәсіпорындармен тиімді әріптестік орнатқаны үшін Алғыс хаттысалтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша колледжге «Жылдың белсенді колледжі» құрметті атағы берілді.

Форумның маңызды бөлігі WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болды. Колледж студенттері кәсіби даярлықтың жоғары деңгейі мен практикалық дағдыларын көрсетіп, чемпионат қорытындысы бойынша күміс жүлделерді иеленіп, оқу орнын республикалық деңгейде лайықты таныта білді.

Поделиться: