«Мерген-2025» турнирі: УККЭТ командасы үздік үштікте

 

Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Мерген-2025» пневматикалық винтовкадан ату бойынша қалалық турнирге қатысты. Сайыс Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Турнирге қаланың ең мықты командалары қатысып, жоғары дайындықтарын, мергендік пен төзімділіктерін көрсетті. Қызу әрі тартысты жарыс қорытындысы бойынша УККЭТ құрамасы жалпыкомандалық III орындыиеленді.

Студенттеріміз үйлесімділік, жауапкершілік және жеңіске деген ынталарын көрсетіп, өздерінің жоғары дене және спорттық дайындық деңгейін дәлелдеді. Турнирге қатысу тек өз күшін сынау мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ батылдық, ерлік және патриотизмнің символы болған Әлия Молдағұлованың рухына тағзым ету болды.

Колледж команда жетекшісі — Сүндетбаев Мейірбек Болатбекұлына — көрсеткен қолдауы, сапалы дайындығы және бұл жетістікке қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Командаға алдағы уақытта да табыс, сенім, жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!

Құттықтаймыз!

Поделиться: