Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана базасында Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері үшін Ерлік сабағы өткізілді. Шараны ҚР ІІМ ШҚО мамандандырылған күзет қызметінің жас қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Сабақ полиция капитаны, Қазақстанның Халық қаһарманы Газиз Байтасовтың естелігіне арналды. Ол қауіпті террористі ұстау кезінде қаза тапқан болатын. 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында террористік акт орын алып, бірнеше азамат пен құқық қорғау қызметкері қаза болды. Қылмыстық әрекеттерді тойтару барысында Газиз Байтасов террористің гранатаны бейбіт тұрғындарға лақтыруына мүмкіндік бермей, оны өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ерлік сабағына қатысқан полиция ардагерлері қатысушылармен өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтік борыш, батылдық және жауапкершілік туралы маңызды кеңестер берді.

Студенттер мен жастар үшін бұл шара ерекше маңызға ие болып, терең әсер қалдырып, патриоттық сезімді нығайтты.

Поделиться: