«Абай мұрасы — руханият қазынасы» облыстық шығармашылық байқауындағы жемісті жеңіс
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Абай мұрасы — руханият қазынасы» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті. Ұлы ойшылдың мұрасын дәріптеуді, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл байқау жыл сайын дарынды жастарды танытатын маңызды алаңға айналып келеді.
Игі шараға Өскемен экономика және техника колледжінің бірінші курс студенті Кінәзхан Досым қатысып, өз білімін, шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде таныта білді. Нәтижесінде ол ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, колледжіміздің абыройын бір көтеріп тастады.
Студенттің сайысқа тыңғылықты дайындалуына қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы Сеитова Меруерт Төлеубайқызы үлкен үлес қосты. Ұстаз бен шәкірттің жүйелі еңбегі осындай жоғары нәтижеге жеткізгені қуантады.
Өскемен экономика және техника колледжі шығармашыл, білімді жастарды қолдауды жалғастыра береді. Абайдың мәңгілік мұрасы — жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашатын қазына, ал осындай байқаулар сол мұраны бағалау мен дәріптеудің жарқын көрінісі.



