Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біздің колледж студенттері Өскемен қаласында өткен «Жұмысшы болсаң, мықтысың!» атты облыстық студенттік мансап форумына қатысты.

Форумның мақсаты — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және жастарды табысты еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасау.

Іс-шара барысында қатысушылар мотивациялық кездесулерге, презентацияларға және шеберлік сабақтарына қатысып, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен техникалық мамандықтардың қазіргі даму бағыттарымен танысты. Айрықша назар өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Казцинк» ЖШС-нің мансаптық бағдарламаларының таныстырылымына аударылды.

Форум студенттер үшін шабыт сыйлаған маңызды оқиғаға айналып, тәжірибе алмасуға, кәсіби қарым-қатынас орнатуға және өз болашағын айқындауға мүмкіндік берді. Осындай іс-шараларға қатысу жастарға таңдаған мамандығының маңызын түсінуге және болашаққа сеніммен қадам басуға септігін тигізеді.

Поделиться: