Қарттар күніне орай Өскемен экономика және техника колледжінің оқытушылары мен студенттері өз өмірінің көп жылдарын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған педагогикалық еңбек ардагерлерін арнайы барып құттықтады.
Кездесу барысында көп жылдық адал еңбегі, кәсібилігі, даналығы мен педагогикалық іске адалдығы үшін шынайы алғыс пен құрмет сөздері айтылды.
Ардагерлерге гүлдер мен естелік сыйлықтар табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен жан жылулығын тіледі.
Біз өз ардагерлерімізді мақтан тұтамыз және колледждің қалыптасуына үлес қосқан жандарға қамқорлық пен назар аудару дәстүрін алғыс сезімімен жалғастырып келеміз. Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жылы лебізбен жалғасын таба береді, ол ардагерлерге деген құрмет пен алғыс сезімінің маңыздылығын еске салады.
