Ұстаздар күніне орай
Кәсіби мереке — Ұстаздар күні қарсаңында Усть-Каменогорск экономика және техника колледжінде өз өмірін жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған педагогтарға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Көп жылғы адал еңбегі және білімді ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сембина Шырайлым Қайратовна марапатталды.
Білім беру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі мен кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен келесі ұстаздар марапатталды:
- Ауеспаева Анар Аскаповна— қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
- Манарбек Шыңғыс Манарбекұлы— арнайы пәндер оқытушысы;
- Тюебаева Арай Сейтказиновна— арнайы пәндер оқытушысы;
- Акпаева Назгуль Турысбекқызы— арнайы пәндер оқытушысы.
Сонымен қатар, колледж директорының атынан алғыс хаттармен оқу-тәрбие үдерісінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, шығармашылықпен жұмыс істейтін, белсенді өмірлік ұстанымы бар және білім беруге жаңашылдық енгізуге ұмтылған ұстаздар марапатталды:
- Каримова Айжан Ахметовна— директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Амиржанов Арман Тлектесович— дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
- Маулканова Бакыт Тлектовна— арнайы пәндер оқытушысы;
- Зарылканова Дариға Дархановна— ағылшын тілі пәнінің оқытушысы;
- Абитова Зарина Айдарбекқызы— арнайы пәндер оқытушысы.
Мерекелік шара жылы және көтеріңкі көңіл күйде өтті. Ұстаздарға адал еңбегі, кәсібіне деген сүйіспеншілігі және студенттерге деген қамқорлығы үшін шынайы ризашылық пен алғыс сөздері айтылды.