2025 жылғы 23 қыркүйекте Өскемен экономика және техника колледжінде оқытушылар мен студенттер үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Оның аясында сейсмотренировка кезіндегі іс-әрекеттер тәртібі бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Дыбыстық хабарламалар арқылы дабыл сигналы берілгеннен кейін студенттер мен оқытушылар ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуацияланды. Барлық қатысушылар жинақылық танытып, белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтады.
Мұндай іс-шаралар білім алушылар мен қызметкерлерде төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырып, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық деңгейін арттырады.