Қытаймен ынтымақтастық: колледжде ҚХР білім беру мекемелері өкілдерімен кездесу өтті
Өскемен экономика және техника колледжінде Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен ресми кездесу өтті. Шетелдік қонақтар құрамында Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілі Ван Юцянь ханым, Шэньси ғылым және технология университетінің проректоры Ли Донву мырза, сондай-ақ Сиань авиациялық кәсіби-техникалық колледжінің өкілдері болды.
Сапардың негізгі мақсаты – ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) операторларын даярлау және дрондарды техникалық қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Делегация колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оның жоғары деңгейде жабдықталғанын атап өтті.
Колледж қызметімен делегацияны колледж директорының орынбасары Қудайбергенов Е.С. таныстырды. Ол жүзеге асырылып жатқан оқу бағдарламаларын, дрондарды басқару және техникалық қызмет көрсету бойынша курстарды таныстырып, мамандарды даярлаудың практикалық аспектілерін көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға, академиялық алмасулар мен инженерия және авиациялық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.