2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай, Өскемен экономика және техника колледжі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен желілік өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – орта және жоғары білім беру арасындағы сабақтастықты дамыту, студенттер үшін икемді білім беру траекториясын қалыптастыру. Келісім аясында колледж студенттері бірлескен жобаларға, кәсіби іс-шараларға қатысуға және ВКТУ оқытушыларымен, мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Аталған бастама кадрлар даярлау сапасын арттыруға, дарынды жастарды қолдауға және жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге бағытталған. Мұндай қадамдар кәсіби білім беруді дамытуға және жас мамандардың табысты мансап құруына маңызды үлес болып табылады.

Поделиться: