27 маусым 2024 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжінің  директоры Нәбиев Ерсайын Ахметуалиұлының жетекшілігімен  сараптамалық комиссияның отырысы өтті , «Мен кәсіпкермін» бизнес- жобаларының. облыстық турнирінде жүлделі орындарға ие болған колледж студенттері арасындағы  жобалар бойынша.

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының күтілетін нәтижелерінің бірі – колледж студенттері арасында инновациялық әлеуетті және кәсіпкерлік ойлауды дамыту.

Сараптамалық комиссия отырысының негізгі міндеттері:

-экономика және кәсіпкерлік салаларда жастардың инновациялық әлеуетін дамыту;

— жастардың экономикалық дайындығын, қалыптасқан нарық жағдайына бейімделу қабілетін арттыру;

— жастарға республикалық турнирге дейін өз жобаларын толықтыруға мүмкіндік беру және сарапшылардан ұсыныстар мен бағыттар беру.

Сараптамалық комиссия келесі құраммен белсенді қызмет атқарды:

-Умутбаева Жанар Дуйсенхановна – директордың оқу-өндірістік жұмыс  жөніндегі орынбасары, сертификатталған бизнес-тренер;

— Мамырбекова Динара Самаркановна– С.Аманжолов атындағы  ШҚУ Бизнес және құқық жоғары мектебі деканының оқу- әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары, сертификатталған бизнес-тренер;

-Сумарева Евгения Евгеньевна- ҚАЕУ бизнес кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымының магистрі.

Сарапшылар ең қызықты 5 бизнес-идеяны атап өтті: Умные домашние сады, Чистое блаженство, Жылыжай бизнесі, Компьютерный клуб «Dagon», Тасты массаж төсеніші.

Сараптамалық комиссияның отырысы айтарлықтай толымды және қызықты өтті. Бұл қатысушылар үшін сарапшылардан ұсыныстар алуға жақсы мүмкіндік болды

Поделиться: