Білікті маман-заман талабы

2023 жылдың 14 қарашасы күні Өскемен экономика-қаржы колледжінде «Білікті маман-заман талабы — Высококвалифицированный  специалист-требование времени» тақырыбында жалпыкәсіптік және арнайы пәндердің онкүндігі ашылды.

Онкүндік 2023 жылдың қарашаның 14-нен 28-ы аралығында өтеді.

Онкүндіктің мақсаты мен міндеттері:

  • білім алушылардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыру;
  • жас мамандарды дайындаудың кәсіби деңгейін арттыру;
  • білім алушыларды оқу-танымдық қызмет пен тәжірибелік жұмыстарға ынталандыру.

Жоспар бойынша онкүндікте кездесулер, түрлі сайыстар, ашық сабақтар, викториналар, колледжішілік олимпиадалар, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Поделиться: